jasqazaq.kz

Бойжеткенді бұрынғы жігіті терезе арқылы ұрлап кеткен

29 маусым 2020, 23:30

Алматы облысында жатын бөлменің терезесі арқылы бойжеткенді ұрлаған азамат ұсталды.

Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 27 маусым күні Қарасай аудандық полиция бөліміне Шамалған ауылының 72 жастағы тұрғыны арызданған. Ол түн ортасында оның 21 жастағы қызын терезеден ұрлап кеткенін жеткізген. Белгісіз біреу терезені бұзып, күш қолдану арқылы бойжеткенді белгісіз бағытқа алып кеткен.

«Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері «LEXUS 470« автокөлігін Қаскелең қаласынан тоқтатқан. Көлікте 21 жастағы бойжеткен және оны ұрлады деген күдікке ілінген Шалқар ауылының тұрғыны болған. Анықталғандай, бойжеткеннің бұрынғы сүйіктісі түнгі уақытта шегелермен бекітілген терезені қысқыш арқылы бұзып, үйге кірген. Дөңгелекті жөндеу үшін пайдаланылатын бізбен бойжеткенді қорқытып, ұрлап кеткен. Күдіктіні тәртіп сақшылары ұстағанға дейін адам жоқ жерлерде бірнеше рет тоқтап, қызғаныш салдарынан бойжеткенді қолымен және аяғымен соққыға жыққан», — деді Алматы облысы Қарасай аудандық полиция басқармасының бастығы Асхат Данияр.

Күдікті азамат уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды. Одан алынған спиральді біз бен терезеден табылған қысқыштар іске айғақзат ретінде тіркелді. Келтірілген дене жарақаттарының ауырлық дәрежесін анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындалды. Аталған дерек ҚР ҚК-нің 125-бабы «Адам ұрлау» бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

ҚазАқпарат

21 қазан, 16:13
Руслан Айтанов: Экологиялық ахуалды жақсарту – басты басымдық
17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
16 қазан, 21:11
Көкжайлау: Алматыдағы экологиялық туризмнің экономикалық әлеуеті
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі