jasqazaq.kz

Бойжеткендердің төбелесіне қатысты тергеу басталды

23 мамыр 2019, 17:57

Талдықорғанда 19 бен 27 жас аралығында бір топ қыздың төбелесіне қатысты тергеу басталды. Бір-бірімен жұлысқан қыздардың жағаұстатарлық әрекеттері видеоға түсіп қалған. Бұл туралы ҚазАқпарат телеарнасы хабарлады.

«Департаментке келіп түскен видеоматериалды толыққанды тексеріп, оқиғаның Талдықорған қаласында мамырдың 18-нен 19-на қараған түні болғанын анықтадық. Аталған іс бойынша полицияға ешқандай арыз түскен жоқ. Жедел іздестіру іс-шарасының арқасында оқиғаның барлық мүшелері анықталып, 19 бен 27 жас аралығындағы күдікті бойжеткендер қалалық полиция бөліміне жеткізілді. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 293-бабына сәйкес іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды», — деп мәлімдеді Алматы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен. Айта кетерлігі, жұртшылықтың ашуын туғызған бұл оқиға облыстық Департамент басшылығының қатаң бақылауына алынған.

Бүгін, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы
05 қараша, 15:17
«Бәріне ортақ журналистика»: Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған курс өз мәресіне жетті
04 қараша, 14:18
Аршат Бақтыгереев: Қаланың жасыл қорын сақтау – басты міндеттердің бірі
04 қараша, 14:12
Шымкентте ауыл шаруашылығы өндірісі мен қайта өңдеу жобалары кеңейіп келеді
04 қараша, 14:04
Каха Имнадзе: Қазақстанның өңірлік интеграцияға серпін беруі – заңды құбылыс
04 қараша, 12:44
Данияр Жүсіпов: Табиғи қауіптің алдын алу – басты назарда
02 қараша, 14:24
Айман Оспанова: Шымкентте медициналық көмекті цифрландыру мен жаңғырту жұмыстары күшейді