jasqazaq.kz

Бойжеткендер антисептик ішті

03 ақпан 2021, 13:13

Павлодарда антисептик ішкен қыздардың бірі көз жұмды. Бұл туралы jasqazaq.kz ақпарат агенттігі Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәлімдеуінше, 2 қаңтар күні сағат 18:30-да облыстық балалар ауруханасына жедел жәрдеммен 2003 жылы туған қыз бала жеткізілген. Ол «Облыстық өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларды қолдау орталығынан» ес-түссіз күйде жеткізілді.

— Қыз бала белгісіз заттың улы әсері диагнозымен түсті. Бас миының ісінуімен жан сақтау бөліміне жатқызылды. Интенсивті терапия басталды. Жасалған емдеу шараларына қарамастан сағат 20:00-де жүрегі тоқтады. 30 минуттық жансақтау әрекеттері нәтиже бермеді, — деді басқармада.

2004 жылы туған тағы 2 қыз бала сол күні сағат 21:40-та ауруханаға улану диагнозымен орташа күйде түскен.

— Пациенттерге толық көлемде медициналық көмек көрсетілді. Екеуі де 14 қаңтар күні стационардан шығарылды. Шығарылған кезде жағдайлары қанағаттанарлық болды. Тәбеттері жақсы, өздерін жақсы сезінді, — деді басқармада.

Басқарманың хабарлауынша, қыздар 1 қаңтар күні кешкі сағат 20:30 шамасында 2,5 стақан «Антисептик — МД-1» затын сумен араластырып ішкендерін айтқан.

— Қыздардың айтуынша, түнді тыныш өткізген. Ештеңе мазаламаған. Алайда, таң атысымен жүректері айнып, көп рет құсу басталған. Орталықтың медициналық қызметкерлері мен тәрбиешілері бұл оқиға туралы білмеген. 2 ақпан күні сағат 20:30-дан кейін қыздар өз істерін мойындап, жедел жәрдем шақырған, — деді басқармада.

Бүгін, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық