jasqazaq.kz

Бойжеткен жылқы етін жеймін деп, жексұрын болды

17 қазан 2019, 17:28

Әлеуметтік желідегі парақшасында түскі асын бөліскен 18 жастағы Норвегия тұрғыны жұрттан аямай сөз естіп қалды. Мәселе тағамның суретінде емес, неден әзірленгенінде болып отыр. Арасында оны қарғап, өлім тілегендер де болды.

Қазан айының басында 18 жастағы Пиа Олден желідегі парақшасында өзінің атынан түскі ас әзірлеп ішіп жатқанын көрсетті. Сондай-ақ, бойжеткен жануарының қатты қиналғанын, осы себептен ата-анасымен бірге оны өлтіруге шешім қабылдағанын айтты.

Олден аспаз мамандығы бойынша білім алып жатқандықтан, тағамды дәмді етіп әзірлеудің жолын біледі.

«Аспаз ретінде жүрегім дәл осылай жасауым керегін айтты», — деп ағынан жарылды Пиа Олден.

Мұнымен қатар, ол атының «дейін» және «кейін» суреттерін көрсетті. Аталған жазбадан кейін әлемнің түкпір-түкпіріндегі желі қолданушылары оны жерден алып, жерге салды. Әртүрлі жағымсыз сөзбен балағаттап, оның бұл әрекетін еш түсінбейтінін жеткізді. Олденнің айтуынша, көбінесе әйел адамдар мен жылқы бағатындар ауыр сөздер айтқан. Олар, тіпті, өлім тілеп, бойжеткенді ешуақытта жылқыға жақындатпау керегін айтқан.

«Олар үшін жылқыны сойып жеу – туғаныңды өлтіргенмен бірдей», — деді Олден.

Бұдан өзге бойжеткен осы әрекетімен жылқысына деген құрметін көрсеткісі келгеніне тоқталды.

«Жылқы еті – деликатес. Оны бәрібір өлтіруіміз керек болды. Кейін неге жемеске деп ойладым. Бұл біз жеген ең дәмді еттердің бірі болды», — деді Олден.

Десе де, бойжеткен мұншалық ауыр сөздер естуге еш дайын болмағанын жеткізді.

Stan.kz

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда