jasqazaq.kz

Бойжеткен ұрлаған көлігімен жол апатына ұшырады

01 маусым 2020, 9:08

Оқиға куәгерлерінің айтуынша, бойжеткен қаладағы көлік жуу орындарының бірінде онда келушілермен бірге демалып жүрген.

Бір кезде ол біреудің көлігіне мініп алып, оны айдап әкетті. Одан кейін жол-көлік апатына түсіп қалған. Бұл туралы Лада-ға сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады. Ведомстводан хабарлағандай, сағат 06:00-де кезекшінің пультіне қаланың 33-ші шағынауданында жол талғамайтын көліктің апатқа ұшырағаны туралы хабарлама келіп түскен.

«Оқиға орнына шұғыл түрде Ақтау полиция басқармасының патрульдік полиция батальонының қызметкерлері шықты. Көлікті басқарған бойжеткеннің мас болғаны анықталды. Ол жолдың жиегіне шығып кетіп, аударылды. Көлік айыппұл тұрағына қойылды», — деп атап өтті Маңғыстау облыстық полиция департаментінен.

Бұзақыға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 608-бабы (көлік құралын алкогольдік, есірткілік немесе уытқұмарлық масаң күйде басқару) және 610-бабы (көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтiруге, көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне алып келген бұзушылығы) бойынша хаттама толтырылды. Оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде.

21 қазан, 16:13
Руслан Айтанов: Экологиялық ахуалды жақсарту – басты басымдық
17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
16 қазан, 21:11
Көкжайлау: Алматыдағы экологиялық туризмнің экономикалық әлеуеті
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі