jasqazaq.kz

Бойжеткен екі айда 42 мәрте жол ережесін бұзған

09 қараша 2020, 14:23

Қостанайлық полицейлер «Сақтандыру полисі» жедел алдын алу іс-шарасы барысында әкімшілік жауапкершіліктен жалтарған жүргізушілерді ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілеме жасап.

Тәртіп сақшылары «Мазда» көлігін тізгіндеген 21 жастағы Қостанай тұрғынын тоқтатты. Ол жол ережесін жүйелі түрде бұзып келген. Ол 2020 жылдың қазан және қараша айларында ғана 42 мәрте жол қозғалысы ережелерін бұзған. Автоматты тіркеу құралдары жүргізушінің айыппұл сомасы 1 млн теңгеден асқанын көрсетті. Жергілікті тұрғын айыппұлының барын біле тұра, төлемеген.

«Полиция 13 рет жол ережесін бұзған «Ваз 21099» автокөлігінің жүргізушісін ұстады. Ол 194 мың теңге айыппұлын төлемей жүрген. Сондай-ақ Амангелді ауданының полиция бөлімінің қызметкерлері Арқалық-Торғай тас жолында Ресейде тіркеуде тұрған «КИА Спектра» автокөлігін тоқтатты. Тексеру барысында автокөліктің Челябі облысында ұрланғаны анықталды. Көлік 2017 жылдан бастап халықаралық полиция желісі бойынша іздеуге алынды. Жоғарыда аталған барлық жүргізушілерде сақтандыру құжаты болмаған, сондықтан олардың автокөліктері айып тұрағына қойылды», — дейді полицияның баспасөз қызметі маманы Кенже Қонысбай.

«Сақтандыру полисі» операциясы басталғалы тәртіп сақшылары сақтандыру полисінің жоқтығы үшін 304 жүргізушіні әкімшілік жауапкершілікке тартты, айыптұраққа 132 көлік қойылып, 65 мемлекеттік нөмір алынып тасталды.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия