jasqazaq.kz

Бөген су қоймасына қатысты ақпарат жалған

24 маусым 2019, 14:27

Түркістан облысы Арыс қаласындағы жарылыс салдарынан «Бөген» су қоймасына қауіп туындағаны туралы ақпарат жалған. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметінен мәлім етті.

«Қазіргі таңда көптеп тарап жатқан «Бөген» су қоймасынан келетін қауіп туралы ақпараттың жалған екенін мәлімдейміз», — деді әкімдіктен. Бұған дейін хабарлағанымыздай, Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев бастаған арнайы комиссия оқиға орнында жүр. Арнайы штаб құрылып, әскерилер мен құқыққорғау органдары ТЖ аймағына келіп жетті. Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, тұрғындар: 1.Ақдала бұрылысы 2. 41-разъез 3. «Водозобор» бағытында лагерьлерге орналастырылады. «Аталған үш бағыт бойынша әскери көліктер, камаздар мен арнайы жасақ жұмылдырылуда. Лагерь басында тұрғындарды аудан әкімдері қарсы алып, жайғастырады. Әлеуметтік нысандарды (аурухана, балалар) полиция қызметкерлері көшіруде. Сондай-ақ,Отырар мен Ордабасы аудандарында 100 орындық екі госпиталь ашылды. Қосымша 30 жедел медициналық көлігі жұмыс істеуде», — деді облыс әкімдігінен.

ҚазАқпарат

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда