jasqazaq.kz

Блокпостар алынғанымен, санитарлық қауіпсіздік талабы сақталады

31 мамыр 2020, 12:31

Алматыда 1 маусымға қараған түні қала бойынша орналасқан барлық блокпостар алынады.

Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев Instagram әлеуметтік парақшасында мәлімдеді. Сондай-ақ ол блокпостарда жұмыс істеген барлық қызметкерлерге алғыс айтты.

«1 маусымға қараған түні қала аумағында орналасқан блокпостарды аламыз. Төтенше жағдай режимі кезінде бұл бекеттер қаладан шығу және қалаға кіруді шектеді. Бұл – коронавирустың таралуын тоқтату үшін қажетті шара болды. Барлық полиция, санитарлық қызмет, фито және ветбақылау қызметкерлеріне, аудандық әкімдіктер мен Ұлттық гвардия, Қорғаныс министрлігінің әскери қызметшілеріне алғысымды білдіремін», — деді Сағынтаев.

Оның айтуынша, елде, соның ішінде Алматыда жағдайдың тұрақтануына байланысты шектеу алынады. Бақытжан Сағынтаев барлық кәсіпорындар мен ұйымдар санитарлық қауіпсіздіктің күшейтілген шаралары негізінде жұмыс істейтінін еске салды. Үйлерді, аула алаңдары мен көшелерді дезинфекциялау жұмыстары жүргізіле береді.

«Белгіленген тәртіпке бағынып, санитарлық гигиена мен әлеуметтік қашықтықты сақтап, қорғаныс маскаларын киіп жүруге шақырамын. Бұл қазіргі өмірдің қалыпты нормасына айналуы тиіс. Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз!», — деп жазды қала әкімі.

ҚазАқпарат

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия