jasqazaq.kz

Блокпоста көз жұмған 2 полицейдің артында жарлары мен балалары қалды

25 мамыр 2020, 11:51

Бүгін Алматы облысы аумағындағы блокпоста болған көлік апатынан екі полицей көз жұмды, олардың артында жарлары мен балалары қалды.

Жарас Сұлтанғазыұлы Жанғазиев 1978 жылы Батыс Қазақстан облысында туған. Тәжірбиелі маман. Құқық қорғау органдарында 2001 жылдан бастап қызмет етті. Артында жары мен екі қызы қалды.

Оның әріптесі полиция сержанты Дастан Маратжанұлы Әбдіканов 1994 жылы Алматы қаласында туған. Ол полицияда 2016 жылдан бері қызмет еткен. Үйленген, бір қыз тәрбиелеп отырған. Кішкентайы әлі қырқынан да шықпаған.

Еске салайық, бүгін таңғы сағат 05:26-да Алматы облысы Қарасай ауданы Көксай шағын ауданында «BMW» маркалы автокөлігінің жүргізушісі, 1992 жылы туған А. есімді азамат Қожабеков көшесімен жүріп, Жаңа ғасыр көшесі қиылысындағы №4 блокпосты бұзып өткен.

Ол алдымен бетон қоршауға соғылып, содан кейін инерциямен ішінде екі полиция қызметкері отырған патруль көлігіне соқтығысқан.

ҚазАқпарат

Бүгін, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі
02 қазан, 13:16
Кино – тарих сөйлейтін тіл
01 қазан, 14:17
Шымкенттің мәдени өмірі жанданып келеді
30 қыркүйек, 20:17
Шымкент: Өрісі кеңейген өңдеу өнеркәсібі
30 қыркүйек, 14:40
Шымкенттегі медициналық инфрақұрылым: жаңа нысандар бой көтереді
29 қыркүйек, 15:58
Шымкентте бұқаралық спортқа басымдық берілуде
28 қыркүйек, 14:29
Шымкент: Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде
22 қыркүйек, 16:36
Зауыт құрылысында - отандық жабдық! (Видео)
17 қыркүйек, 21:00
Таңғы шық елімен тартымды уағдаластық