
Алматыда тағы да бірнеше шақырымға созылған кептеліс пайда болды. Жүргізушілер қалаға кіру үшін жол қозғалысы ережелерін бұзып жатыр. Осыған байланысты полицейлер блокбекеттердегі бақылауды күшейтті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Кептелістің видеосы Instagram желісіндегі kris_p_kz парақшасында жарияланды. Видео авторларының бірі үйден жұмысқа таңғы 05.00-де шықса да жұмысқа кешіккенін жазған.
Осыған байланысты Алматы полиция департаменті тұрғындардан жол қозғалысы ережелерін бұзбауға шақырады. Осы мақсатта блокбекеттерге қосымша полиция жасақтарының жұмылғаны айтылады.
Сондай-ақ, ереже бұзған жүргізушілердің ерте ме, кеш пе заң бойынша жазаланатыны айтылды.
«Біз қосымша жол полициясы жасақтарын жұмылдырдық. Олар кептеліс көп болып жатқан аумақтардағы блокбекеттерде тұрады», — деді полицейлер.
Ведомство өкілдерінің айутынша, блокбекеттердегі жағдай үнемі бақылауда.