jasqazaq.kz

Блок-бекеттен өту үшін пара ұсынды (видео)

18 сәуiр 2020, 15:53

#үйдеотыр

Алматы облысындағы тосқауыл-бекетте полиция қызметкеріне пара бермек болған 40 жастағы ер адам ұсталды.

Полиция қызметкерлері тосқауыл-бекеттен өту үшін пара ұсынған ер адамды ұстады. Оқиға 17 сәуірде Іле ауданында орналасқан № 4 карантиндік тосқауыл-бекетте орын алған.

«Полиция департаментінің өзіндік қауіпсіздік қызметіне патрульдік полиция батальонының инспекторы оған белгісіз ер адамның Алматы облысынан Алматы қаласының аумағына кедергісіз өту үшін бес мың теңге көлемінде пара бермек болғаны туралы хабарлаған. Сағат 19.00 шамасында біздің қызметкерлерімізбен Байсерке ауылының 40 жастағы тұрғыны ұсталды”, – деп хабарлайды Алматы облысы ПД Өзіндік қауіпсіздік басқармасының басшысы Асет Карменов.

Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 367-бабының 1-бөлігіне (мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамға пара беру) сәйкес сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

“Ұсталған тұрғын Алматы қаласына өту әрекетін достарыммен кездесіп, серуендеу үшін деп түсіндірген. 5000 теңге көлеміндегі ақшалай қаражат тәркіленіп, іс жүргізу тәртібімен іс материалдарына қосылды”, – деп толықтырды Карменов.

Polisia.kz

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия