jasqazaq.kz

Блок-бекеттен өткізу үшін темекі алған

04 маусым 2020, 15:03

Ақтөбе облысында полицей блок-бекеттен өткізу үшін пара ретінде темекі алғаны әшкере болды.

ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілдері мәлім етті.

«Аталған тұлға ағымдағы жылдың 30 мамырында Ақтөбе қаласының шыға берісінде орналасқан «№4 Магистраль» блокпостан арнайы рұқсат қағазсыз кедергісіз жүру үшін жеңіл көлік жүргізушісінен құны 10 800 теңге болатын «Парламент» темекісінің екі блогы түрінде пара алған», — дейді агенттіке қарасты 1-ші департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаров.

Бұған қоса ол тәртіп сақшысының өз кінәсін мойындағанына байланысты қамауға алынбағанын атап өтті. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амадары жүріп жатыр. Бұдан басқа ақпаратты тергеу мүддесі үшін жарияланбапты.

stan.kz

21 қазан, 16:13
Руслан Айтанов: Экологиялық ахуалды жақсарту – басты басымдық
17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
16 қазан, 21:11
Көкжайлау: Алматыдағы экологиялық туризмнің экономикалық әлеуеті
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі