jasqazaq.kz

Блок-бекеттен қалыңдығын көлік жүксалғышына салып өткізбек болған

24 сәуiр 2020, 21:54

 Қарағанды облысында көлігінің жүк салғышына адам жасырып блок-бекеттен өтпек болған азамат ұсталды. Бір қызығы, жүксалғышқа жатқызып қойған қыз әлгі азаматтың қалыңдығы болып шыққан. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Карантинге жабылған Мұстафин ауылынан шығаберісте әдеттегі тексеріс бұл жүргізушіге сәтсіз аяқталды. Полиция қызметкерлері одан көліктің жүк салғышын ашуды сұраған. Тәртіп сақшылары қуықтай жерде бүк түсіп жатқан қызды көргенде таңданысын жасыра алмады. Күмілжіген жүргізуші ауылдан сүйіктісін қалайда алып кету керек болғанын айтып ақталыпты. Дегенмен қос ғашықтың әрқайсысы 27 мың теңгеден айыппұл төлеуге мәжбүр болды.

Жаңатай Сембеков, Қарағанды облыстық ПД баспасөз хатшысы:

— Бұл карантиндік блок-бекетте болған алғашқы жағдай емес. Осының алдында «Приора» көлігінің жүргізушісі осылай бір танысын алып өтпек болғанда ұсталып, айыппұл салынған.

 

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия