
Алматыдағы бақылау-өткізу пунктіндегі апатқа кінәлі азаматтың әкесі жаңа мәлімдеме жасады. Талғат Мұқашевтың айтуынша, ол ұлының жұмыстан өз қалауы бойынша шыққанын білмеген. Сонымен қатар, ер адам қаза болғандардың отбасы мен жақындарына көңіл айтты.
Бұл туралы NUR.KZ хабарлады.
Видео Instagram желісіндегі ztb_kz парақшасында жарияланған.
«Құрметті Қазақ елі. Кеше мен интервью беріп едім, ұлым Азат туралы. Мен оны білмедім. Ұлымның әріптестеріне тағы да басымды иіп, көңіл айтам. Менің де қабырғама батып тұр. Өмірден жас баланың кетіп қалғаны артта қалған ата-ананың жылап қалғаны әр қазақтың қабырғасын қайыстыратынын мен де жақсы түсінемін.
Бәріңізден кешірім сұраймын! Елімнен, жерімнен. Бірақ менің балам коронавирусқа қарсы демалыссыз жұмыс істеп, соған шыдамай, өз еркімен кетіп қалғанын мен білмедім. Мен оны білсем, кеше осындай сөз айтпас та едім.
Бірақ өмір талқы осындай болып тұр. Мен оны білгенім жоқ. Мен енді ғана білдім осы жұмыстан өз еркімен шыдамай, кетіп қалғанын. Ол менен қорықты ма білмеймін, мен де қатал өсіріп едім баламды.
Тек адамгершілік деген ұғымнан асқым келмейді. Мен де адам баласымын ет пен сүйектен жаратылған. Ешкімнің баласына қиянат жасағым келмейді.
Әр адам баласының басында бар шығар мұндай нәрсе, қателесу деген. Балам да қателескен шығар, мен де дұрыс тәрбие бере алмаған шығармын, бірақ ойлаймын, ол жаман бала емес. Өмір болған соң бәрі болып жатқан шығар.
Халқым, мен сіздерден кешірім сұраймын! Сөге көрмеңдерші! Сіздер де ата-анасыздар ғой», – деді Талғат Мұқашев.
Посмотреть эту публикацию в Instagram