jasqazaq.kz

Блок-бекеттегі апат: үшінші полицей жансақтау бөлімінде

25 мамыр 2020, 15:34

Алматыдағы блокбекетте болған жол апатынан тағы бір полиция қызметкері зардап шекті. Бұл туралы ПД баспасөз қызметі хабарлады.

Ведомство мәліметтеріне сәйкес, зардап шеккен ер адам есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкері Ербұлан Сейдазым.

«Бұл аға жедел уәкіл, №4 блокбекеттің түнгі ауысымы құрамында қызмет атқарады. Ол жерде екі айдан астам қызмет етіп келеді. Апат нұсқаларының бірі бойынша, Ербұлан Сейдазым планшетпен өтіп жатқан көліктерді тексеріп тұрған. BMW жүргізушісі бетонға соғылғанда, плиталардың бірі ұшып кетіп, қызметкерге тиген. Тағы бір болжам бойынша, жүргізуші бірінші Ербұланды қағып, содан кейін блокбекетке, полиция көлімен соқтығысқан. Тергеу және экспретиза кезінде оқиға мән-жайының хронологиясын біздің қызметкерлер белгілейді», — деді ДП өкілі.

«Қазіргі таңда ол №7 Қалалық клиникалық аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайы өте ауыр», — деп қосты баспасөз қызметі.

Еске салайық, бүгін 25 мамырда таңғы сағат 05.26-да BMW маркалы көліктің 1992 жылғы жүргізуші Алматы облысы Қарасай ауданы Көксай ықшамауданы Қожабеков көшесімен солтүстік бағытта келе жатып, Жаңа Ғасыр көшесінің қиылысында №4 блокбекетке барып соғылып, инерциямен патрульдік көлікке соғылған еді. Салонда екі полицей болған. Көлікті мас күйінде отырған BMW жүргізушісі қамауға алында. Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Полицейлердің біреуі — 42 жастағы аға лейтенант Жарас Жанғазиев, ол алған жарақатынан жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болды. Ол — Батыс Қазақстан облысының тумасы, ішкі істер органдарында 2001 жылдан бастап еңбек еткен. Үйленген, артында екі қызы қалды.

Екінші полицей — полиция сержанты Дастан Әбдіқанов 1994 жылы туған. Ауруханада қайтыс болды. Ол — Алматының тумасы. Ішкі істер органдарында 2016 жылдан бастап еңбек еткен. Үйленген, артында туғанына бір ай болған қызы қалды.

Tengrinews.kz

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия