jasqazaq.kz

Блок-бекеттегі апат: Аман қалған полицей оқиғаның қалай болғанын айтып берді

25 қыркүйек 2020, 21:00

Алматы облысында BMW көлігімен блокпосты қиратып, 2 полиция қызметкерінің өліміне себепкер болған жүргізушіге қатысты сот жалғасуда.

Азат Азаматовқа қатысты істі Қарасай аудандық сотының судьясы Мәди Көшекбаев қарап жатыр. Бүгін сотта апаттан зардап шеккен 26 жастағы полиция қызметкері, капитан Ербұлан Сейдазымнан түсінік алынды. Жауап алу кезінде ол сотталушыны танымайтынын мәлім етті. Айтуынша, 24 мамыр кешкі сағат 20:00-де ол кезекшілікке келген. Оқиға таңғы сағат 5-те болған. Ол осы блокпостқа жауапты болғандықтан, көлік қозғалысын қадағалаған. Көлік соқтығысқан кезде Еркебұлан Сейдазым көшеде өтіп жатқан көліктерді планшетпен базадан тексеріп тұрған.

«Блокпоста 12 полиция қызметкері болды. Менің міндетім — оларды 20 минут сайын тексеріп отыру. Апат таңғы сағат бесте болды. Ала-құла қараңғы кез болатын. Көліктердің саны арта бастады. Мен әріптесіме планшет алып келу үшін шатырға кірдім. Сол сәтте жоғары жылдамдықпен ұшып келе жатқан көлікті көрдім, «бетон қоршау бар, ол тоқтайды» деп ойладым. Ары қарай ештеңе есімде жоқ. Бір аптадан кейін, 2 маусымда мен ауруханада есімді жидым. Сол кезде бір-ақ білдім не болғанын «, — дейді Ербұлан Сейдазым.

Полицей моральдық зардапты өтеу туралы талап арызға қатысты әлі ойланатынын айтты.

ҚазАқпарат

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық