jasqazaq.kz

Блок-бекетте жол апаты болып, полицей көз жұмды

25 мамыр 2020, 9:36

Алматыда мас жүргізуші блокпосты соғып өтіп, салдарынан полиция қызметкері көз жұмды.

«Сағат 05:26-да Алматы облысы Қарасай ауданы Көксай шағын ауданында «BMW» маркалы автокөлігінің жүргізушісі, 1992 жылы туған А. есімді азамат Қожабеков көшесімен жүріп, Жаңа ғасыр көшесі қиылысындағы №4 блокпосты бұзып өткен. Ол алдымен бетон қоршауға соғылып, содан кейін инерциямен ішінде екі полиция қызметкері отырған патруль көлігіне соқтығысқан», — деп хабарлайды полиция департаменті. Өкінішке орай, патрульдердің бірі, полиция аға лейтенанты Жалғас Жанғазиев, алған ауыр жарақатынан жедел жәрдем көлігі келгенге дейін көз жұмды. Оның әріптесі, полиция сержанты Дастан Әбдіқановтың жағдайы ауыр, қаладағы жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді. Жүргізуші қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу басталды.

ҚазАқпарат

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия