jasqazaq.kz

Блок-бекетте тұрғындар төбелес шығарған

24 сәуiр 2020, 9:29

#үйдеотыр

Шымкентте блокпосттағы полицейлерге қарсылық танытып, жаға жыртысқан үш азаматқа қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Бұл туралы қалалық Полиция департаментінің бастығы Ералы Жұмаханбетов журналистерге ұйымдастырылған пресс-тур кезінде мәлім етті. Департамент бастығының айтуынша, үстерінен қылмыстық іс қозғалған үш адам тәртіп сақшыларымен төбелесуге дейін барған. Жалпы Шымкентте карантин режимін бұзған 842 тұрғынға қатысты әкімшілік хаттама толтырылған. Олардың арасында 61 адам қамауға алынса, 120 адамға айыппұл салынған. 127 тұрғынға ескерту беріліп, 100-ге тарта автокөлік айыппұл тұрағына қойылған. Жұқпалы дерттің таралу қаупіне қарамастан тұрғындар қалада рұқсатсыз жүріп, маска тақпайтыны анықталған. Сауда нүктелері мен қоғамдық тамақтану орындары уақытылы жабылмай, санитарлық нормаларды сақтамаған.

«Қала аумағында короновирус инфекциясының таралуына жол бермеу шараларына Полиция департаментінің 1206 қызметкері жұмылдырылған. Қаланың кіреберіс жолдарына 18 блокпост қойылса, қала көшелерінің қиылыстарында 20 бекет бар»,- дейді Ералы Жұмаханбетов.

21 қазан, 16:13
Руслан Айтанов: Экологиялық ахуалды жақсарту – басты басымдық
17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
16 қазан, 21:11
Көкжайлау: Алматыдағы экологиялық туризмнің экономикалық әлеуеті
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі