jasqazaq.kz

Блок-бекетте полицияға пара ұсынды (видео)

29 сәуiр 2020, 13:51

https://youtu.be/83kPDMaW0RA

Алматы облысындағы блок-бекетте полицейлерге пара ұсынған ер адам ұсталды.

Алматы облысында тәртіп сақшыларына пара ұсынудың тағы бір дерегі әшкере болды. Ер адам блок-бекетте қызмет етіп тұрған полицейге 3000 теңге пара ұсынды деген күдікпен ұсталды.

“Күдікті полиция қызметкеріне пара беру арқылы блок-бекеттен кедергісіз Алматы қаласына өтіп кетуді жоспарлаған. Дегенмен, өзіндік қауіпсіздің басқармасының қызметкерлері жедел іс-шара барысында 37 жастағы Алматы облысының тұрғынын құрықтады. Алдын ала тергеу барысында ұсталған азамат полицейлерге бірнеше рет пара ұсынғаны және тәртіп сақшыларының ескертулеріне мән бермегені анықталды. Осыған орай, полиция қызметкері жедел топты оқиға орнына шақырған”, – деді Алматы облысы ӨҚБ басшысы Әсет Карменов. Тексеру барысында үш мың теңге көлемінде қаржы табылып, тәркіленді. Күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 367-бабының 1-тармағына (пара беру) сәйкес қылмыстық іс қозғалды.

Ақпарат көзі: Polisia.kz

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия