Қостанай облысында медицина қызметкері блокбекет арқылы жүк тасымалдап бара жатқан ер адамды екі күндік карантинге жатқызамын деп қорқытты. Видео Желіде тарады.
Facebook-тегі «Ватсап Қазақстан» тобының парақшасында оқиғаның кадры жарияланды. Медицина қызметкері жүргізушіден қандай жүк алып бара жатқанын сұрайды. Неліктен сұрағанын білгісі келген жүргізушіге: себебі, «блокбекетте тұрмын» деді медициналық қызметкер.
«Командир тұр, не алып бара жатқанымды оған айттым. Медицина қызметкерлері қандай жүк деп неліктен сұрайды? Мен таңғалып отырмын», — деп жауап берді жүргізуші.
Содан соң медқызметкер қорқыта бастады.
«Мен қазір сізді екі күнге карантинге жатқызамын. Құқығым бар. Көлікті қалдырасыз және карантинге барасыз», — деді әйел.
Қостанай облысы Денсаулық сақтау басқармасындағылар оқиғаның Жітіқара блокбекетінде болғанын айтты.
«Медицина қызметкері жүргізуші өзін дөрекі ұстағаны үшін эмоцияға берілгенін түсіндірді. Өзінің қызметтік міндеттерін орындап тұрған мамандардың — полицейлер мен медқызметкерлердің көліктен түсіңіз деген өтінішіне тіл тигізіп жауап берген. Конфликт туғызуға ұмтылған. Бекет қызметкерлеріне кабинаға отырып, қызмет көрсетуін талап еткен. Оның талаптары дөрекі формада болған», — деп түсіндірді ведомстводағылар.
Дегенмен медицина қызметкері жазаланған.
«Оған тәртіптік жаза — сөгіс жарияланды. Ол өзінің кінәсін, оның ішінде лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланғанын және әдеп нормаларын бұзғанын мойындады», — деп түсіндірді ведомстводағылар.
Посмотреть эту публикацию в Instagram