jasqazaq.kz

Блогердің үстінен қылмыстық іс қозғалды

30 қыркүйек 2021, 10:40

Супермамасита деген атпен танымал блогер Әлия Байтұғаеваға қатысты іс Алматы қалалық полиция департаментінің мүліктік қылмыстарды тергеу бөлімінде қаралуда.

Алматы ІІД бастығының орынбасары Рустам Әбдірахмановтың айтуынша, аталған қылмыстық іс бойынша шешім әлі қабылданбаған. Бұл туралы ол Instagram әлеуметтік желісіндегі тікелей эфир барысында айтты.

«Байтұғаеваға қатысты бұлтартпау шарасы қабылданбаған. Тергеу жүргізілуде, азаматтардан қаражат өндіру әрекеті бойыншы тиісті тексерулер жасалуда. Жақында бұл тексерулердің барлығы аяқталып, біз тергеудің келесі кезеңіне өтеміз», – деп мәлімдеді Әбдірахманов.

Stan.kz хабарлағандай, бұған дейін, миллионер-блогердің жазылушылары пайдасы болмаған курстың ақшасын қайтаруды талап етіп полицияға арызданғаны жазылған болатын. Полицияға жүгінгендердің арасында қазақстандықтар ғана емес, ТМД-ның басқа елдерінің тұрғындары да бар. Азаматтар 2021 жылдың 23 шілдесінен бастап арызданған.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия