jasqazaq.kz

Блогер жеке куәлігінің қазақша жазылғанына шағымданды (Видео)

06 мамыр 2021, 13:16

Блогер Альбина Бектенова жеке куәлікті алу кезінде бірқатар қиындықтар туындағанын айтып шағымданды.

Қыздың сөзіне қарағанда, ол қазақша білмейтіндіктен, құжаттағы «Саматқызының» орнына «Саматовна» деп жазуды өтінген. Бірақ оның өтінішін орындау мүмкін болмапты.

«Неге қазақша білмейтін адамның жеке куәлігі қазақ тілінде жазылады. Мысалы менде қазақша. Жеке куәлігімде Саматқызы емес, Саматовна деп жазылғанын қалаймын. Бірақ маған тегімді орысша жазу үшін туу туралы куәлік және көптеген түпнұсқа құжаттар қажет екенін айтты. Сондай-ақ, менің жеке куәлігіме Маңғыстау облысында туылған деп жазып қойыпты. Бірақ мен Астраханьда өмірге келгенмін», — деп жазды блогер.

Ол жеке куәлігінің орыс тілінде болғанын қалайтынын айтты.

«Мен жеке куәлігімнің қазақ тілінде болғанын қаламаймын, орыс тілінде болғанын қалаймын», — дейді ол.

Stan.kz

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия