jasqazaq.kz

Блогер Руслан Жанпейісов не үшін тұтқындалды?

27 қыркүйек 2019, 17:39

Ішкі істер министрлігіндегілер блогер, белсенді Руслан Жанпейісовтің тұтқындалуының мән-жайын айтты. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz хабарлады.

ІІМ мәліметінше, 11 маусымда Шымкент полициясына қоңырау түсіп, зардап шегуші мотоцикл мінген белгісіз біреудің өз көлігінің ізіне түскенін айтқан. Ер адам көлігін тоқтатқаннан кейін, өзін аңдыған адам еш себепсіз көзіне аэрозольді құралды сеуіп жібереді. Хабарланғандай, тергеу барысында бақылау камераларындағы жазба тексеріліп, тұтқындалған белсендінің бұзақылық әрекеттерін растаған. Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің «Бұзақылық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталыпты.

Сот сараптамасының қорытындысына сәйкес, жәбірленушінің денсаулығына орташа зиян келтірілген. Осыған байланысты 26 қыркүйекте «Бұзақылық ниетпен денсаулыққа қасақана орташа ауыр зиян келтіру» бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сонымен қатар полиция қызметкерінен шағым түсіп, ол Жанпейісовтің өзіне балағат сөздер айтқанын жеткізген. Сараптама қорытындысы бойынша, тұтқындалушының полицеймен әңгімесінде бейәдеп және кемсіту сипатындағы сөздер айтылған. Бұл дерек бойынша «Билік өкілін кемсіту» бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сонымен қатар ІІМ-дегілер блогердің бұған дейін бірнеше рет қылмыстық жауаптылыққа тартылғанын мәлімдеді. Ол ұрлық, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргені және ақпаратқа қол жеткізу үшін арнайы құралды заңсыз пайаланғаны үшін үш рет сотты болған.

14 мамыр, 15:53
Ерғали Көшеке: Алматы облысында дінаралық татулық – тұрақтылық кепілі
14 мамыр, 14:15
Бижан Анарбеков: Расширение сферы применения государственного языка — наша общая задача
14 мамыр, 14:13
Туркестан: Продолжается модернизация систем электроснабжения и уличного освещения
14 мамыр, 14:11
В Туркестанской области продолжается модернизация систем водоснабжения
14 мамыр, 14:06
Туркестан: В Сайрамском районе развивается промышленное производство
14 мамыр, 13:44
Түркістан Ислам әлемінің мәдени астанасы мәртебесіне ұсынылды
14 мамыр, 12:56
Туркестан: Активно реализуются проекты по развитию социальной инфраструктуры
14 мамыр, 12:54
В Туркестанской области растёт объём высокотехнологичной медицинской помощи
13 мамыр, 18:38
Туркестан: «Келешек мектептері» - школа нового формата