jasqazaq.kz

Блогер маңғыстаулықтардың картоннан қалай жем әзірлеп жүргенін көрсетті

14 шiлде 2021, 15:13

Ақтаулық Азамат Сәрсенбаев Маңғыстау облысында шаруалар малға картон беріп жүргенін растап, желіде бірнеше сурет жариялады. Суреттерде картоннан мал азығын әзірлеу процесі сипатталады. Бұл туралы  zakon.kz хабарлайды

Оның айтуынша, үнем мақсатында кебек бен қалдық тамақты картонға қосып, араластырады екен.

«Маңғыстау облысы, Ақшымырау ауылы, Ақтау қаласынан 350 шақырым жер. Жергілікті фермердің әйелі ұсақ малға жемді картоннан дайындайды (жемге үнем мақсатында шағын шаруа қожалығындағылар осылай картонды суға батырады, тұндырылғаннан кейін еріген картонды кебекпен және тамақ қалдықтарымен араластырады)», деп жазады ол Facebook-тегі парақшасында.

Айта кетсек, қуаңшылыққа байланысты бұл өңірде жыл басынан бері 2000-ға жуық жылқы, түйе, қой арам қатқан.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия