jasqazaq.kz

БҚО тұрғыны 170-тен астам киік мүйізімен ұсталды

02 наурыз 2020, 12:49

Батыс Қазақстан облысының тұрғыны 170-тен астам киік мүйізімен ұсталды. БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, 28 ақпан күні жедел іздестіру шаралары барысында Орал қаласына қарасты Круглоозерный кенті тұсында 26 жастағы жүргізуші айдап келе жатқан «ВАЗ-2107» автокөлігі тоқтатылды. Көлік салонынан үш жол сөмкесіне салынған 126 дана киік мүйізі табылды. Күдікті Жаңақала ауданы Мәстексай ауылының тұрғыны болып шықты. Оның мекенжайын тексеру барысында тағы 48 мүйіз тәркіленді. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 399-1-бабы 1-бөлігіне сәйкес (сирек кездесетін және жоғалып кету қаупі бар, сонымен қатар пайдалануға тыйым салынған өсімдіктер немесе жануарлар және олардың дериваттарын заңсыз пайдалану) тергеу амалдары жүргізілуде. Бұл бап бойынша айыпты адам 7-ден 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

ҚазАқпарат

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия