jasqazaq.kz

БҚО-ның су тоғанында балық қырылып қалды

08 сәуiр 2019, 14:15

Батыс Қазақстан облысының Казталов ауданындағы Қарасу тоғанында балық қырылу фактісі тіркелді. Жалпы салмағы 3 тоннадан асатын балық мұз еріген соң жағаға шығып қалған.

Басым бөлігі әрқайсысы 40-50 грамм болатын майда шабақтар. Оқиға орнында болған мамандар биологиялық сараптама жүргізу барысында өлген балықтан паразитологиялық белгілердің анықталмағанын айтады. Ал судың құрамына жүргізілген санитарлық-химиялық сараптаудың қорытындысы таяу күндері белгілі болмақ. Алдынала болжам бойынша суасты тіршілік иелеріне ауа жетпей тұншыққан. Себебі Қарасу тоғаны балық өсіруге емес, ауылға керекті техникалық су алуға арналған тоған болып саналады. Ең терең деген жері 1-2 метрден аспайды. Қайрат Ибраев, облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесін қорғау инспекциясының бөлім басшысы: — Биыл қар аса қалың болды. Сол себепті су астындағы оттегі қоры азайып, балық тұншыққан деп санаймыз. Мұндай оқиға 2017 жылы да болған еді. Енді тағы қайталанбас үшін біз өз тарапымыздан жергілікті әкімдікке су қоймасын не мүлде құрғатуды, не ішіндегі балықты күзде толық аулап алуға кеңес беріп отырмыз.

24.kz

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда