jasqazaq.kz

БҚО-да жаңа туған баласын дәретханаға тастаған студент қыз сотталды

08 ақпан 2021, 14:35

БҚО-дан Казталов ауданының 19 жастағы тұрғыны екі жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жаңа туған сәбиін полиэтилен пакетке орап, көшедегі дәретханаға тастаған.

4 ақпанда No2 Казталов аудандық сотында бұл іс бойынша үкім жарияланды. Үкімді судья Айбар Бижанов жариялады.

«Мой город» басылымының хабарлауынша, жоғары педагогикалық колледждің ІІ-курс студенті 2020 жылдың күзінде өз танысынан жүкті болғанын білген. Бірақ ол бұл туралы ешкімге айтпауды жөн көреді.

23 қарашада қыздың іші ауыра бастайды. Шамамен сағат 16-да қыздың анасы дүкенге шығып кеткен, ал қалған отбасы мүшелері өз бөлмесінде болған. Осы сәтте ол дәлізге шығып, бала туып қалады. Тірі ұл бала дүниеге келеді. Ол есеңгіреген күйінде қайшымен нәрестенің кіндігін кесіп, шақалақты полиэтилен пакетке орап, аузын түйіп, жеке үйдің қорасында орналасқан сырттағы дәретханаға тастайды. Осылайша, ол жаңа туған баласын өлтірді. Содан кейін ол дәліздегі қанды сүртіп, еденді жуып, бөлмесіне барып жатады. Дүкеннен қайтып келген қыздың анасы қызының өзін жайсыз сезінгенін көріп, күйеуімен бірге оны ауруханаға алып кетеді. Медициналық мекеме бұл оқиғадан хабардар болды, делінген үкімде.
Сарапшының айтуынша, баланың өліміне механикалық асфиксия себеп болған. Нәресте шамамен 8-8,5 айлық болған.

Сотталушы кінәсін толық мойындады. Қыз жігітінің бала үшін жауапкершілікті қабылдаудан бас тартқанын, ал өзінің ата-анасынан қорыққанын айтты.

Сот үкімімен Қазталов ауданы Жаңажол ауылының тұрғыны Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 100-бабы, «Жаңа туған нәрестені анасының өлтіру» бойынша қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылып, екі жылға сотталды, деп атап өтті соттағылар.

zakon.kz

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия