jasqazaq.kz

БҚО-да жағажайдағы жастардың кеші үшін әкім жазаланды

20 шiлде 2021, 10:55

Батыс Қазақстан облысында Бәйтерек ауданы әкіміне сөгіс жарияланды. Бұл туралы облыс басшысы Ғали Есқалиев коронавирус инфекциясын таратпау жөніндегі жедел штаб отырысында мәлімдеді. Оқиға облыс орталығының маңындағы жағажайлардың бірінде болған.

Жеке жағажайлардың бірінде жалаңаштанған жастардың кеші өткені туралы ақпарат әлеуметтік желілерде жарияланды. Демалыс күндері жеке кәсіпкерлер жер телімін жалға алып, жаппай іс-шара ұйымдастырғаны белгілі болды.

«Бәйтерек ауданы Трекин ауылдық округі Жайық кентінің жанында «Ванильные берега» жағажайында кеш өтті. Оны жағажайды жалға алып, Орал қаласының 21 жастағы тұрғыны ұйымдастырды. Би алаңында ӘҚБтК-нің 434-бабында көзделген «Ұсақ бұзақылық» әкімшілік құқық бұзушылық жасалған. Тәртіп бұзғандардың бірі Орал қаласының 28 жастағы тұрғыны екені анықталды. Қалғандарын анықтау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр», — деді Батыс Қазақстан облысы полиция департаменті ЖПҚ басқармасының бастығы Мирхат Аженов.

Ғали Есқалиев құзырлы орган қызметкерлерін заңсыз іс-шараға қатысқандардың бәрін жауапкершілікке тартуға шақырды.

«Бәйтерек ауданы қазір «қызыл» аймақта орналасқан. Аудан әкіміне сөгіс жариялаймын. Кешке алдын ала тыйым салу керек болған. Әдепсіз іс-шараға қатысушылардың барлығымен тәрбие жұмысын жүргізіп, олар жұмыс істейтін мектеп директорлары мен кәсіпорын басшыларына ақпаратты жеткізу қажет», — деді Ғали Есқалиев.

Кейін кешті ұйымдастырушылардың бірі кешірім сұрап видео жазды.

Tengrinews.kz

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия