Батыс Қазақстан облысында тасжолда көлік өртеніп кетті. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлайды.
Оқиға 30 сәуірде 19.00-де Төңкеріс ауылына жақын Подстепное — Федоровка автожолының 70-ші шақырымында болған.
БҚО ТЖД мәліметінше, Lada Largus автокөлігі өртеніп кеткен. Оқиға орнынан шыққан өрт 19.58-де сөндірілді. Қаза тәпқандар мен зардап шеккендер жоқ.