
Батыс Қазақстан облысында тағы екі адам суға кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, қайғылы оқиғаның біреуі Қаратөбе ауданында 17 мамыр күні орын алды. Қаратөбе ауылдық округінде 2007 жылғы бала (6-сынып оқушысы) сағат 21.30-да Қалдығайты өзеніне батып кеткен. Ол шомылуға жабдықталмаған жерден суға түскен әрі жеке құтқару құралы болмаған. Марқұмның денесі ТЖ қызметкерлерінің күшімен 22.35-те шығарылды. Екінші оқиға 15 мамыр күні Бәйтерек ауданы Макаров ауылында болды. 1995 жылғы өзбекстандық азамат сағат 20.20-да Шаған өзенінен шықпай қалған. Жеке құтқару құралы болмаған ол да шомылуға жабдықталмаған жерден түскен. Құтқарушылар оның денесін 21.30-да алып шықты.