jasqazaq.kz

БҚО-да тағы бір бала токқа түсті

26 мамыр 2022, 15:23

Батыс Қазақстан облысындағы ауылдардың бірінде тағы бір бала токқа түсті, — деп хабарлайды mgorod.kz.

Басылым мәліметінше, бала аудандық ауруханаға жатқызылған.

Жазатайым оқиға 24 мамырда Казталов ауданы Бостандық ауылында болған. 6 жасар бала ойнап жүріп, трансформаторға жақындаған. Сөйтіп, баланы электр тогы соққан. Аудандық аурухананың бас дәрігері Зинур Саткештің айтуынша, баланың жағдайы орташа.

«Бала алақаны мен маңдайынан 1-2 дәрежелі электр жарақатын алған. Қазір ол ауруханада жатыр және барлық қажет емді алып жатыр», — деді аудандық аурухананың бас дәрігері.

Ауылдық округ әкімі Асланбек Сармалаев трансформатор шаруа қожалығының басшысына тиесілі екенін және қоршалмағанын айтты.

«Трансформатор иелеріне үнемі оларды қоршау керегін айтамыз. Мұндай проблема тек жеке трансформаторларға емес, электр желілеріне де байланысты. Оны ешкім кіре алмайтындай етіп қоршау керек», — деді Асланбек Сармалаев.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр