jasqazaq.kz

БҚО-да оқушыны өгей әкесі зорлаған. Мектеп директоры сотқа тартылды (Видео)

27 мамыр 2021, 14:21

Батыс Қазақстан облысында оқушысының зорлық көргенін жасырды деп айыпталған Жаңақала мектеп-гимназиясының директоры Лариса Қожахметова соттан кешірім сұрады. Ол сотта кінәсіз екенін айтты. Себебі оқиға мектептен тыс жерде болған екен, — деп хабарлайды «Астана» телеарнасы.

Директор оқушының ата-анасы мен туыстарынан бұрын мұғалімнің полицияға шағынуы міндетті емес екенін және куәгерлердің жауабы қиыспайтынын айтады. Сот алдындағы соңғы сөзінде Лариса Қожахметова ұстаз болуды бала кезінен армандағанын айтып, қиналған кезде өзін қолдаған әріптестері мен отбасына, тіпті көршілеріне де алғыс айтты. Ауыр науқас екенін және үш бала өсіріп отырғанын айтып, соттан мейірбандық танытуын сұрады.

«Ұстазды ешкім қорғамайтынына дәлел болды бүгін. Осыдан кейін кім басшы болады? Кім басшыны қорғайды? Кім ұстаздарды қорғайды? Туған анасы бар өзінің, баласына деген жанашырлығы қайда? Ол қалай бірге тұрады? Құрметті сот, осы жағдайларымды ескеріп, ҚР Соты атынан сіз мені ақтап, әділ шешім қабылдайды деп сенемін», — деді Лариса Қожахметова.

Айта кетейік, Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданындағы мектеп-гимназияның директоры Лариса Қожахметова кәмелет жасына толмаған оқушы қыздың зорлық көргенін хабарламағаны үшін айыпты деп танылған. Сот материалдарынан ауыл тұрғыны 10 жастағы өгей қызына үш жыл бойы азғындық әрекет жасағаны анықталған. Бірақ анасы ғана емес, мектептегі ұстаздары да баланы қорғауға асықпаған көрінеді. Өгей қызына озбырлық жасаған адам 22 жылға сотталды. Ал директор кінәсі дәлелденсе алты жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия