jasqazaq.kz

БҚО-да мұнай компаниясының жұмысшылары жаппай уланып қалған

15 мамыр 2021, 22:20

Батыс Қазақстан облысында жұмысшылар жаппай астан уланып қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Әлеуметтік желілерде Қарашығанақ мұнай-газ өндіру кен орнына қарасты Halliburton мердігер компаниясы жұмысшыларының жаппай уланып қалғаны туралы ақпарат тарады.

«Уланып ауруханаға жеткізілген жұмысшылардың кейбіреуі жансақтау бөлімінде жатыр», — делінген хабарламада.

Аталған дерекке қатысты облыстық Денсаулық сақтау басқармасы пікір білдіріп, уланған жұмысшылардың қазіргі таңда Бөрлі аудандық ауруханасында ем алып жатқанын мәлімдеді.

«Ауыр жағдайда түскен екі жұмысшы жансақтау бөліміне жатқызылды. Тағы бір науқас жағдайының жақсаруына байланысты жансақтау және қарқынды терапия бөлімінен инфекциялық бөлімге ауыстырылды», — делінген басқарма хабарламасында.

Сондай-ақ жағдайы орташа ауыр деп бағаланған үш адам инфекциялық бөлімде ем алып жатыр. Дәл сондай улану белгілерімен түскен тағы бір науқас та дәрігерлер бақылауына алынған.

Жұмысшылар астан уланып қалған болуы мүмкін деген болжам айтылуда.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде