jasqazaq.kz

БҚО-да мектептің төбесі опырылып түсті

29 наурыз 2019, 15:38

Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданы Сарықұдық ауылында мектептің төбесі құлады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға кеше сағат 20.40-та болған. Бір қабатты ғимаратта информатика кабинеті мен спорт залының төбесі ішінара опырылып түскен. Аумағы 60 шаршы метрді құрады. Көктемгі демалыс уақыты болғандықтан, ғимаратта оқушылар болмаған. Зардап шеккендер жоқ. 1977 жылы салынған мектептің жалпы аумағы — 624 шаршы метр. Ғимарат 2015 жылы апатты жағдайда деп танылған. Аудан әкімдігінің деректері бойынша, мектептің орнына жаңасын салу мақсатында жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, ол сараптамадан өтіп те қойған. Облыстық ТЖ департаментінің бастығы Жасұлан Жұмашев бүгінгі брифингте мәлім еткеніндей, биыл өңірде қардың көптігінен барлығы 29 ғимараттың шатырына нұқсан келді. Олардың барлығы салынғанына 40-50 жыл болған ескі үйлер. Орал қаласында 26 тұрғын үй мен әлеуметтік нысанның шатыры бүлінді.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда