jasqazaq.kz

БҚО-да медбике жалған дипломмен 10 жыл бойы халықты емдеген

24 қараша 2021, 14:22

Батыс Қазақстан облысы Жаңақала аудандық ауруханасында медбике он жылға жуық білімі туралы жалған дипломмен жұмыс істеген. Бұл жайтты мемлекеттік мекеменің директоры аккредиттеуден өту кезінде анықтаған, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Аккредиттеуден өту кезінде медициналық мекеме өз қызметкерлерінің дипломдарын қайта тексереді. Тексеру үшін олардың тізімі мамандарды даярлаумен және оқытумен айналысатын жоғары оқу орындары мен колледждерге жіберіледі.

«Амбулаторияның 37 жастағы қызметкерінде медициналық колледжді бітіргені туралы диплом көшірмесі болды. Бірақ ақпаратты тексеру кезінде колледжде ондай түлек жоқ екені анықталды. Тексеріс кезінде әйел декреттік демалыста болған. Ол дипломның түпнұсқасын жоғалтып алғанын айтып, өз еркімен жұмыстан босату туралы өтініш жазды. Мен құқық қорғау органдарына жүгінуге мәжбүр болдым. Бұл оқиғаны елемеуге болмайды. Ол адамдарды емдейді», — деді БҚО Жаңақала аудандық орталық ауруханасының директоры Сержан Есенгүбеков.

Полиция бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады. Жалған құжат жасаушы кім екені анықталды.

«Бұл жағдайға қатысты ҚР ҚК 385-бабы, 3-бөлігі («Жалған құжаттарды қолдан жасау немесе өткізу») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Жалған құжаттарды қолданғаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеміз», — деп хабарлады полиция департаменті.

Осы баптың санкциясы ірі айыппұлдан бастап екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға дейінгі жазаны көздейтінін айта кету керек.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде