jasqazaq.kz

БҚО-да құс етінен шошқаның ДНҚ-сы табылды

27 қыркүйек 2018, 11:13

Батыс Қазақстан облысында құс еті өнімдерінен шошқаның ДНҚ-сы табылды.

Облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің бөлім басшысы Гүлбақыт Наурзалинаның айтуынша, анықталған кемшіліктерді жою мақсатында жеке кәсіпкерлердің атына ұйғарымдар толтырылған. Жоспардан тыс тексерістер жүргізіліп, нә­тижесінде 600 мың теңгеге жуық айыппұл салынды. Бөлім басшысының сөзіне қарағанда, өнімдердің қауіпсіздігіне мониторинг жүргізу шеңберінде тұтынушылар пайдаланатын та­ғам және тағам емес өнімдер зерттеледі. Барлық сынама «Ұлт­тық сараптама орталығының» облыс­­тық филиалында сараптамадан өткізіле­ді. Зерт­­теу нәти­же­сі көрсетіп отырған­дай, өнімдердің 11 пайызы Кеден одағы техникалық регламенттерінің талаптары­на сай емес. Оған қоса, ми­к­робиология­лық, физика-химия­лық көр­сет­кіштердің сәйкес келмеуі де кезде­седі. Мәселен, ішек таяқшасы тобының бак­­­териялар, патогенді микроағзалар табылған. Санитарлық-гигие­­на­лық, техни­ка­лық регламент талап­­та­рының ауыт­қуы көбінесе аспаздық өнім­дер, сүт және сүт өнімдері, құс еті және балық өнімдері арасы­нан анықталды. Сәйкес келмейтін өнім­дердің басым көп­шілігін импорттық тауарлар, соның ішінде Ресей Федерациясы­ның өнімдері құ­райды. «Өнімдерді сатып алған кезде тұрғындардың өздері алданып қалмауға мүдделі болғаны жөн. Тағамнан улану жағдайларын болдыр­мас үшін тұтынушылар өнімдерді тек белгіленген сауда нысандарынан алуы қа­жет. Тұтынушы ресми тіркелген нысандарда өнімнің сапасы туралы құжаттар­ды сұрауға құқылы. Тұтынушылар өнімді сатып аларда тауардың сыртқы келбетіне және таң­басына назар аударғаны дұрыс. Тауар­дың таңбалануында өндірілген уақыты, жарамдылық мерзімі, өндіруші және құрамы туралы мәлімет көрсетілуі керек», — деді Гүлбақыт Наурзалина.

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде