jasqazaq.kz

БҚО-да ер адам анасын өлтірді

10 тамыз 2021, 18:29

Күдікті анасының кеуде тұсына дене жарақаттарын салған, деп хабарлайды ҚазАқпарат mgorod.kz сайтына сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 9 тамыз күні сағат 18-де Бәйтерек ауданында болған. Батыс Қазақстан облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, анасы мен ұлының арасындағы жанжал екеуі бірге спирттік ішімдік ішкеннен кейін туған. «61 жастағы әйелдің мүрдесі табылды. Барлық жеке құрам дабыл бойынша көтерілді, іздестіру шаралары жарияланды. Күдікті қылмыстық ізі бойынша ұсталды. Әйелдің 35 жастағы ұлы фактіні жасырып, тергеуді жаңылыстыруға тырысқан. Күдікті мен оның анасының арасында жанжал болғаны, артынша ер адамның анасының кеуде тұсына дене жарақаттарын салғаны анықталды. Әйел алған жарақаттардан қайтыс болды», — деп хабарлады БҚО Полиция департаментінің бастығы Махсұдхан Әблазимов. Аталмыш факті бойынша ҚР ҚК 3-бөлімі 106-бабы «Өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бойынша соталды тергеу басталды. Толығырақ ақпаратты полицейлер тергеу аяқталғаннан кейін беруге уәде берді.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия