jasqazaq.kz

БҚО-да бұралқы иттердің малға шабуылы азаяр емес (Видео)

07 маусым 2022, 17:43

Батыс Қазақстан облысының Қызылтал ауылында иттер тағы да малға шапты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап.

Сайқұдық көшесіндегі үйдің тұрғыны Гүлфия Қазымованың хабарлауынша, оқыс оқиға бүгін таңда болған.

«Қорадағы қойлардың қырылып жатқанын ең әуелі егде жастағы әкеміз байқады. Кейін бірден аудандық полиция бөліміне, ветеринарлық станцияға хабарластық. Олар әзірге келген жоқ дейді. Иесіз иттердің қорадағы малға шабуылы бұған дейін де болған. Өткен жылдары тұрғындары түгел көшірілген Березов ауылында иесіз ит көп. Солар ауыл маңындағы қоқыс төгетін орынға үйірімен жиналады. Малға тиді, енді адамға шаппасына кім кепіл? Біздің шығынымызды кім өтейді», — дейді ауыл тұрғындары.

«Қой-ешкісі бар 27 бас малдың үшеуі арам өлді. Сегізі пышаққа ілінді. Қатты жарақат алған сегізін өлейін деп жатқан жерінен бауыздап болды. Енді қазір басқаларын тексеріп жатыр. Әлі де пышаққа ілінетіндері бар. 27 бастың 24-і шығынданып тұр», — дейді Қызылтал ауылының тұрғыны Гүлфия Қазымова.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр