jasqazaq.kz

БҚО-да браконьерлерден 434 ақбөкеннің мүйізі тәркіленді (видео)

21 мамыр 2020, 21:35

Батыс Қазақстан облысында браконьерлерден 434 дана ақбөкеннің мүйізі тәркіленді. Осыған байланысты 4 күдікті ұсталып, сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Қолға түскен азаматтар – облыс тұрғындары. Олардан жол талғамайтын 2 автокөлік, 5 аңшы мылтығы, 200-ден астам әртүрлі калибрлі оқ-дәрілер, дүрбі мен GPS навигаторы тәркіленді. Күдіктілер тұратын жер үйлердің бірін тінту кезінде 1 миллион теңге көлемінде ақша табылған. Қазір ұсталған адамдардың осыған ұқсас өзге де қылмысқа қатысы бар-жоғы тексерілуде. Табиғат қаскөйлерінің Қызыл кітапқа енген жануарды қырғаны дәлелденсе, бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Мейірболат Мәмбетов, БҚО ПД криминалдық полиция басқармасының бөлім бастығы:

— Қылмыскерлердің әрекеті ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабы, 1-бөлігі, 1-тармағымен сараланып отыр және аталған тұлғалар Орал қалалық полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

 

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде