jasqazaq.kz

БҚО-да бес жасар қызды ит талап өлтірді

11 шiлде 2021, 13:27

Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы Трекин ауылында бес жасар қыз баланы ит талап өлтірді. Қайғылы оқиға 9 шілде күні болған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Мой ГОРОД» порталыың жазуынша, қыз бала атасының үйіне қонаққа Ресейден келген екен.

«Кішкентай қыз кешкі уақытта атасымен бірге шөп шабуға барғысы келген. Алайда көп ұзамай қайғылы оқиға болған. Ересектер жұмыс істеп жүргенде бала байлаулы тұрған итке қарай жүгіріп кеткен. Қабаған ит баланы сол жерде талап тастаған. Қыз баланы құтқару мүмкін болмады, иттің тісі оның мойнын жаралап, күретамырын қиып жіберген. Иттің қожайыны – мерт болған қыздың атасы», — дейді Трекин ауылының тұрғындары.

Трекин ауылының әкімі Мәлік Сейтов бұл ақпаратты нақтылап берді.

«Учаскелік дәрігерге шақырту сағат 17.30 шамасында түсті. Қыз бала алған жарақаты салдарынан оқиға орнында қаза тапты. Ол небәрі 5 жаста болған. Ит үлкен емес. Сондай қайғылы жағдай… Бүкіл ауыл болып қайғырып қалды. Бәрі барып көңіл айтып жатыр», — деді ауыл әкімі.

БҚО Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі кішкентай қыздың мойны мен желке тұсындағы ит тісінің ізінен оқиға орнында көз жұмғанын түсіндірді.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия