
Батыс Қазақстан облысында боранға байланысты барлық жолдар жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
БҚО ТЖ департаментінен түскен мәліметке қарағанда, қатты боранға байланысты жолдар таңғы сағат 6.00-ден бастап жабыла бастады. Атап айтқанда, алдымен республикалық маңызы бар «Қазталов-Жәнібек-РФ шекарасы», «Өнеге-Бисен-Сайқын», «Орал-Тасқала-РФ шекарасы», «Подстепный-Федоров-РФ шекарасы» бағытындағы жолдарға шектеу қойылды. Жергілікті сағат 09.00-ден бастап барлық жолдар жабылды. Облыс орталығы Орал қаласында да жел ұйтқи соғып, боран болып тұр.