Батыс Қазақстан облысында балабақша карантинге жабылды, — деп хабарлайды «Хабар 24».
Телеарна мәліметінше, жоспарлы операция алдындағы тексеріс барысында 3 жасар баладан коронавирус белгілері анықталған. Осыған байланысты баламен үйде және балабақшада қарым-қатынаста болғандар да коронавирусты анықтауға тест тапсырған.
«Аудандық бас мемлекеттік бас санитар дәрігердің қаулысына сай балабақша карантинге жабылып, қорытынды дезинфекция жүргізілді. Эпидемиологиялық жағдай БҚО-да біртіндеп күрделеніп жатыр», — деді облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің бас маманы Салтанат Ералина.