jasqazaq.kz

БҚО-да ақбөкендерді тірідей көміп тастаған ба? (Видео)

19 мамыр 2021, 10:48

Жануарлардың өлі ұшасын жою кезінде кездескен тірі киіктердің бейнежазбасы таратылды.

17 мамырда әлеуметтік желілерде Батыс Қазақстан облысында оқыстан қырылған жануарлардың өлі ұшасын жою кезінде кездескен тірі киіктердің бейнежазбасы таратылды, деп хабарлайды Caravan.kz порталы Skifnews.kz-ке сілтеме жасап.

Осыған байланысты Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетіндегілер пікір білдірді.

«Өлген жануарларды жинау және кәдеге жарату Тау ауылдық округінің әкімдігімен бірнеше учаскелерде жүргізілді. Оқиғаға байланысты Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті жануарларға жасалған кез-келген қатыгездікті айыптайды және осы саладағы заң бұзушыларға нөлдік төзімділікпен қарайтынын жеткізеді!», — делінген хабарламада.

Бұған дейін хабарланғандай, 2021 жылдың 13 мамырында БҚО Жәнібек ауданы Тау кентінің жанынан 372 өлген киік ұшасы табылған. Алдын-ала ақпарат бойынша, жануарлардың өлімінің себептерінің бірі осы аймақтағы қолайсыз ауа-райына байланысты болуы мүмкін (нөсер жаңбыр мен найзағай), өйткені қаңқаларда найзағай разрядымен зақымдану белгілері бар.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия