
Қазақстанның батысында Самара — Шымкент автожолында бірден жеті жүк көлігі соқтығысты.
Жол-көлік оқиғасы 29 қаңтарда сағат 11.40-та автожолдың 344-шақырымында болған. Апат салдарынан жеті жүк көлігі зардап шекті. Кей деректерге сүйенсек, алда келе жатқан жүк көлігі кенеттен күрт тоқтап, салдарынан алып көліктер бір-біріне соғылған. Көп ұзамай қозғалыс қалпына келтірілді. Жол апаты салдарынан зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнында полиция қызметкерлері мен «Қазавтожол» ЖШС өкілдері жұмыс істеп жатыр.