jasqazaq.kz

БҚО-да 7-сынып оқушысын қатарластары соққыға жықты

12 қазан 2021, 11:00

Теректі ауданы Подстепное ауылының тұрғыны Мейрамгүл Кубашева №1 мектептің 7-сыныбында оқитын ұлын ұрып-соққаны туралы айтты, деп хабарлайды zakon.kz mgorod.kz-ке сілтеме жасап.

Оның айтуынша, 4 қазанда оқушылар арасында төбелес болып, соның салдарынан ұлы жарақат алып, ауруханаға түскен.

Ұлы құлап, орнынан тұра алмаған, дәрігерлер ми шайқалуы және бетінің тері астындағы гематомасы диагнозын қойған, жағдайы – орташа ауыр.

Бұл бірінші рет емес, мен осы күнге дейін үндемедім, бірақ бұл жолы үндемей қала алмаймын. Мектептегі тәртіпсіздіктер туралы мен мектеп басшылығына бірнеше рет айттым, ешқандай шара қолданбады. Мектеп директоры оқу орнында тәртіпті талап етпейді, оқушылар мұғаліммен дөрекі сөйлеседі, мектеп формасын кимейді және бұл тек мектеп оқушыларына ғана қатысты емес, — деп жазды Кубаева Facebook-те.
Сондай-ақ, әйел аурухана қойған диагноз көшірмесін де жариялады.

Сонымен қатар, Теректі аудандық білім бөлімінің басшысы Жанаргүл Хусаинова аталған факті бойынша арнайы комиссия құрылып, қызметтік тексеру жүргізіліп жатқанын айтты.

Бұл оқиға төртінші қазанда болды, жетінші және сегізінші сынып оқушылары арасында төбелес болды. Қазір кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторлар оқиғаның мән-жайын зерттеп жатыр. Сонымен қатар, біздің ведомствода барлық фактілерді егжей-тегжейлі зерттейтін арнайы комиссия құрылды. Тексеру қорытындысы туралы қосымша хабарлаймыз, деді Хусаинова.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия