
Батыс Қазақстан облысында 7-сынып оқушысы асылып қалды.Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 20 қаңтар күні Бөкей ордасы ауданы Саралжын ауылында болды.
Кешке қарай адам тұрмайтын үйдің ауласындағы сарайда 2006 жылғы бала асылып қалған.
Дерек өзіне-өзі қол жұмсау ретінде тіркелді.
Бөкей ордасы аудандық полиция бөлімі оқиғаның себебі мен мән-жайын тексеруде.
БҚО білім басқармасының баспасөз қызметі ер баланың Қ.Сағырбаев атындағы орта мектептің 7-сыныбында оқығанын жеткізді. Ол толық отбасында тәрбиеленген.