jasqazaq.kz

БҚО-да 5 жасар бала тоңазытқыштың ішінде тұншығып өлді

07 қыркүйек 2022, 14:02

БҚО-да 5 жасар бала ескі тоңазытқыштың ішінен шыға алмай, тұншығып көз жұмды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, қайғылы оқиға 8 тамызда Батыс Қазақстан облысының Бәйтерек ауданында болған. Баланың денесін 27 жастағы анасы тауып алған.

Әйелдің айтуынша, оның кішкентай үш баласы көшеде ойнап жүрген. Кешке қарай анасы балаларын үйге шақырғанда, екеуі ғана келген. Әйел кенже ұлын төңіректен бір сағат бойы іздеп таба алмаған. Тек үйінің ауласына кірген қайта кірген кезде аулада тұрған ескі тоңазытқышты қарайды. Баланың денесі сол тоңазытқыштың ішінен табылған.

Жас ана жедел жәрдем шақырғанымен, дәрігерлер сәбидің көз жұмғанын айтқан. Медициналық сараптама қорытындысы бойынша, оның өліміне «тыныс алу жолдарының аспирациясынан туындаған механикалық асфиксия» себеп болғаны анықталды.

«Тоңазытқыш есігіндегі металл тұтқаның автоматты құлыптау жүйесі болған. Есікті итергенде құлыпталып қалады. Тоңазытқыштың тұтқасын сыртынан тартқанда ғана ашылады, ал ішінен ашу мүмкін емес», — деп түсіндірді полиция өкілдері.

Аталған дерек жазатайым болған қайғылы оқиға ретінде тіркелді.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде