
Батыс Қазақстан облысында коронавирус жұқтырған 4 оқушы тіркелді.
БҚО Білім басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, 4 жағдайдың барлығы Орал қаласында анықталып отыр. Соның ішінде екеуі бір отбасынан, олар Орал қаласындағы №9 орта мектептің кезекші бірінші және үшінші сыныптарында оқиды.
Қалған екеуі – қашықтан оқып жатқан дарынды балаларға арналған мамандандырылған С.Сейфуллин атындағы облыстық мектеп-интернаты кешені мен №9 орта мектептің 6-сынып оқушылары. «Барлық төрт бала коронавирусты ата-аналары мен туыстарынан жұқтырған. Қазіргі уақытта оқушыларда клиникалық белгілер жоқ, амбулаторлық ем алуда», — деп хабарлады білім басқармасынан.
ҚазАқпарат