jasqazaq.kz

БҚО аумағына құлаған заттың не екені белгілі болды

10 шiлде 2018, 16:51

Батыс Қазақстан облысының аумағына құлаған нысан зымыран бөлшегі болып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазталов ауданы әкімінің орынбасары Нұретдин Құтқожиннің айтуынша, осы оқиғаны тексеру үшін Капустин Яр әскери полигонынан да мамандар келген. Сол мамандардың сөзіне қарағанда, құлаған шар тәріздес зат зымыранның отын багы екен. Оқиға орнында БҚО экология, қоғамдық денсаулық сақтау департаменттерінің мамандары болып, сынама алды. БҚО экология департаменті басшысының орынбасары Мұрат Ермекқалиев мәлім еткендей, радиация мен ауа құрамы қалыпты. Күкірт, азот, көміртегі оксиді және күкіртсутегі бойынша сынамалар алынды. Бұлардың қалыпты мөлшерден аспағаны белгілі болды. Сонымен қатар, топырақтан да сынама алынды, оның қорытындысы кейін белгілі болады. Айта кетейік, қазір Ресейге қарайтын Капустин Яр полигоны 1946 жылдан бері жұмыс істеп тұр. Осыған байланысты 1952 жылы Орда (қазіргі Бөкей ордасы) ауданы таратылып, едәуір жері әскери полигонға берілген болатын. Содан бері сынақ алаңында ракетаның түр-түрі сыналып келеді. Бұдан бұрын БҚО аумағына шар тәріздес металл бөлшегі құлағанын жазған болатынбыз.

23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді