jasqazaq.kz

Бизнесменді балталап өлтіріп, мәйітін өртеп жіберген

29 наурыз 2021, 21:10

— Өлім жазасын берсін, шұндақа күл болсын…

Жаназасы шыққан Аваз Жаналиевтің туыстары жақынын өлтіргендерге үш күннен бері қарғыс жаудырып жатыр. 35 жастағы кәсіпкер жұма күні кәсібін кеңейтуге жер аламын деп, үйінен 2 миллион теңге алып шығып кеткен екен. Кешкісін оның көлігі Сайрам ауылының шетінде өртеніп жатқан жерінен табылды. Оны танысы жер сатамын деп үйіне шақырыпты. Барған кезде екеуінің арасында жанжал шығып, кәсіпкерді балталап өлтірген. Мұны марқұмның достары күдікті полицияға айтып жатқан кезінде өз аузынан естідік дейді.

Расулмат Әлімқұлов, марқұмның досы:

— Ойы болған ақшаны алуға, басынан балтамен ұрады. Тағы да ұрдым дейді. Үсті-басы қан болғаннан кейін пакет кигізіп, машинаға салдым, телефонын өшіріп тастадым да, үйіміздің жанында қырға қойып келдім дейді.

Одан кейін өліктің үстіне бензин құйып өртеп жіберген. «Тойотаның» жанып жатқанын бәзбіреулер телефонға да түсіріп алған. Өртеп, сайға домалатып жіберем деген жоспары іске аспай қалған қаскөйдің қашып бара жатқанын көргендер де бар екен. Көп ұзамай ұсталған күдікті қазір тергеліп жатыр.

Дәулеткелді Әбдіраманов, Шымкент қаласы ПД тергеу басқармасының бастығы:

— ҚР ҚК 99 бабымен қылмыстық іс қозғалды. Күдікті де ұсталған. Шымкент қаласы арнайы прокуратурасында тексеруде.

Полицейлер айтпаған күдікті туралы марқұмның туыстары жайып салды. Кәсіпкердің өліміне күдікті Азиз Әлімбаевтың анасы да қатысы бар екеніне сенімді. Себебі, жер сатамын деп алғаш кездескен де күдіктінің анасы дейді. Сондықтан ол да заң алдында жауап берсін деп отыр.

Гүлзада Жаналиева, марқұмның анасы:

— Анасын да соттасын. Баламмен кездескен сол, жердің құжаты ұлымда деп алдап,үйіне жіберген де сол. Сондықтан полицейлер оны да тексерсін. Мен қартайып ұлымның қызығын енді көремін дегенде, баламды жоқтап отырысым мынау. Тексерілсін бәрі, қылмыскерлерге барынша қатаң жаза берілуін талап етемін.

Қамауға алынған күдікті бұрын да қарақшылық жасағаны үшін сотталып шыққан. Ал бірнеше көлік жуу орталығы бар, арнайы техниканы жалға берумен айналысатын кәсіпкердің денесі жер қойнына тапсырылды. Оның артында үш баласы мен аяғы ауыр келіншегі қалды.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия